Жаңалықтар

Тілдер күніне арналған он күндік өтті. Сап түзеп, әнұранмен басталып, ашық оқу қызметі, мәнерлеп оқу сайысы, ұлттық ойындар жарысы, «Тіл-ел байлығы» деген атпен көрме, мақал-мәтелді жалғастыру, 23 қыркүйек күні «Ана тілім-Ардағым»  атты ертеңгілік өтті.

Қыркүйек айының соңы мен қазан айында дәстүрлі сенбіліктер болады.

Мектеп жасына дейінгі балалалар арасындағы «Олимпиада үміткерлері»  атты спорттық шараға қатысты.

Дене шынықтыру нұсқаушылары  Қ. Муканова мен Б.Тоқсанбаевтың жетекшілігімен педагогтар спортпен дос атты спорттық шара өтті.

 Балабақшамызда 3-ші қыркүйек  күні «Білім күні» атты ойын-сауық шарасы өткізілді. Балалар тақпақтар оқып, ән айтып, көңілді ойындар ойнады.

Әр жыл сайын «Қадыр» балабақшасында «Қош келдің, алтын күз» атты балалар сурет көрмесі мен  балалардың қиялынан  туған  қолдан жасалған  бұйымдар көрмесі дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. 

«Звездочка» тобының тәрбиешісі А.Дюсенова мен тәрбиеленушілері қиярларын жинауда.